Танысайық!

Скутер

Сәлем! Менің атым Скутер.

Біздің талқандалған планетамыздан аман қалған төрт достың біреуі менмін. Өкінішке орай, енді менің аяқтарым жоқ. Есесіне енді менің өте күшті және үлкен қолдарым бар және мен әрқашан бәріне көмектесуге дайынмын!

Менің ерекше қабілетім  - Топпен жұмыс істеу!

Сентимо

Сәлем! Менің есімім Сентимо.

Біздің планетамыз талқандалған кезде менің көзім көрмей қалды. Есесіне енді мен жүрегіммен көруді үйрендім, сондай-ақ айналамдағылардың сезімдері мен қалауларын түсіне бастадым.

Менің ерекше қабілетім  - қиындықты бөлісе білу!

Сигнал

Сәлем! Мен - Сигналмын.

Мен де өзгердім — сөйлеу қабілетімнен айрылдым. Бірақ мен арнайы құрылғылар арқылы қатынасуды үйрендім және айрықша шыдамды тыңдаушыға айналдым.

Менің ерекше қабілетім – мәселе шеше білу!

Интелла

Сәлем! Менің атым – Интелла.

Менің сауытым қақ бөлінді, ал миым бірнеше есе үлкейді. Енді мен ақпаратты тез өңдей аламын және дұрыс сұрақтар қоюды, шығармашылық тұрғыдан ойлауды үйрендім.

Менің ерекше қабілетім – сындарлы ойлау!

Чука

Ал енді — маған да танысуға рұқсат етіңіздер! 

Менің есімім – Чука, жасым он үште. Кейде қорқнышты түстер көремін, құбыжықтармен арпалысып жатамын, бірақ оларды қалай жеңу керек екенін білемін! Қатарыма қосыл, сонда сен де білетін боласың!

build 261 7a6099f 04/03/2020 01:24:39