Зорбтар және олардың достарының Жер планетасындағы бастан кешкен оқиғалары туралы, өжет қыз Чука туралы және Онлайн-зообақтағы аңдар туралы оқиғалар оқып көр!
Осы парақшада Зорбтар туралы мультфильм желісімен жасалған тоғыз комиксті оқуға болады, ал батырманы басып, мультфильмдердің өздерін көруге болады.
Мультфильмдерді қараңызОсы уақытта Зорбтар туралы комикстер Ағылшын және Орыс тілдерінде қолжетімді ғана.
Өзіңіз үшін Зорбтардың туған планетасы – Зорбияны ашыңыз. Оның тұрғындары өзімшіл болып кеткендіктен және бір-біріне, сондай-ақ өз планеталарына деген құрметті жоғалтып алғандықтан үлкен проблемалармен бетпе-бет келді. Төрт дос — Интелла, Скутер, Сентимо және Сигнал, шытырман оқиғаларды бастан кешіру және адамдармен кездесу үшін Жер планетасына саяхатқа аттанды.
Зорбтармен бірге онлайн-қауіпсіздік машықтарына үйрен!
Желіде қатынас жасау қалайша түсінбестікке алып келетіні, сондай-ақ, қандай машықтар мен қағидаттар желіде инабаттылықпен қатынасуды қалыптастыратынын біліп ал.
Зорбтардың достарымен қалай сөйлесетінін және оларға бір-біріне деген әділ және инабатты қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын түсінуге көмектесетінін көр.
Қате түсініктің не екенін, оның салдарлары қандай болуы мүмкін екенін, бір-біріне құрмет көрсетудің және қоршаған ортаға қамқорлық көрсетудің неге маңызды екенін біліп ал.
Әр баланың маңызды құқықтары бар. Балалар құқықтарынан айрылса не болуы мүмкін екенін және бұл оларды қанаудың алуан түрлеріне осал ететінін ұғынып ал.
Құрметтеу және адамды қандай болса, сондай күйінде қабылдаудың неге маңызды екенін, сондай-ақ, ерекшеліктері мен артықшылықтарына қарамастан, неге әркімге құрметпен қарау керек екенін түсініп ал.
Сенің және басқа адамдардың іс-әрекеттері қоғамға, басқа адамдарға, тірі жануарларға және табиғатқа қалай әсер ететінін біліп ал.
Бұл – он үш жасар қыз, Чука туралы комикс. Чука және оның досы мектепте қылмыстың алдын алу туралы сабақтан кейін жөнсіз бір нәрсені сезіп қалды. Олар енді не істейді? Көмек сұрайды ма екен?
Чука сияқты болғың келеді ме? Ойна!
Ойна