Көр

«Зорбтар» мультфильмдер сериясы ойдан шығарылған планета және оның тұрғындары туралы баяндайды. Олар өздерінің бағалы машықтарының және мызғымас қағидаттарының арқасында әртүрлі қиындықтарды еңсереді.

Зорбтар туралы мультфильмінің үзіндісін көр!

Сондай-ақ, мультсериал эпизодтарының әрқайсысы бойынша комикстер оқуға болады!

Комикстер оқу

Жаңа өмірдің басталуы

Өзіңіз үшін Зорбтардың туған планетасы – Зорбияны ашыңыз. Оның тұрғындары өзімшіл болып кеткендіктен және бір-біріне, сондай-ақ өз планеталарына деген құрметті жоғалтып алғандықтан үлкен проблемалармен бетпе-бет келді. Төрт дос — Интелла, Скутер, Сентимо және Сигнал, шытырман оқиғаларды бастан кешіру және адамдармен кездесу үшін Жер планетасына саяхатқа аттанды.

Кішкентай экранның үлкен мәселесі

Зорбтармен бірге онлайн-қауіпсіздік машықтарын үйрен!

Желідегі реніш

Желіде қатынас жасау қалайша түсінбестікке алып келетінін, сондай-ақ, қандай машықтар мен қағидаттар желіде инабаттылықпен қатынасуды қалыптастыратынын біліп ал.

Жүйелі жұмыс - табыс кепілі

Зорбтардың өз достарымен қалай қарым-қатынас жасайтынына және оларға бір-біріне деген әділ әрі инабатты қатынастың маңыздылығын түсінуге көмектесетініне көз сал.

Жеңістен де құрмет қымбат

Қате түсініктің не екенін, оның салдарлары қандай болуы мүмкін екенін, бір-біріне құрмет көрсетудің және қоршаған ортаға қамқорлық көрсетудің қаншалықты маңызды екенін біліп ал.

Білімнің күші

Әр баланың маңызды құқықтары бар. Балалар құқықтарынан айрылса не болуы мүмкін екенін және бұл оларды қанаудың алуан түрлеріне осал ететінін ұғынып ал.

Әділдік жасасын

Құрметтеу және қандай болса, сондай күйінде қабылдаудың, сондай-ақ, ерекшеліктері мен артықшылықтарына қарамастан, әркімге құрметпен қараудың маңызды екенін түсініп ал.

Ешкім көрмей тұрса да айналаны ластама

Сенің және басқа адамдардың іс-әрекеттері қоғамға, басқа адамдарға, тірі жануарларға және табиғатқа қалай әсер ететінін біліп ал.

Жеңіл жолдың салдарлары ауыр

Адал болудың, қиын жағдайларда дұрыс әрекет етудің, айналамыздағыларды алдауға және оларға құрметсіздікпен қарауға еліріп кетпеудің неге маңызды екенін біліп ал.

build 261 7a6099f 04/03/2020 01:24:39